2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызмет төлемі қаншалықты төмендейтіні туралы ұлттық экономика вице-министрі айтып берді

Күні: 15:35, 20-12-2018.

Алматы. 20 желтоқсан. ҚазТАГ – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық өңірінде коммуналдық қызмет тарифі төмендейді, деп мәлімдеді Қазақстанның ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, деп хабарлады премьер-министрдің сайтынан.
«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шекті тарифтер аясында барлық өңірде қызметтің бес түрі бойынша (сумен жабдықтау, су тарту, электрмен жабдықтау, жылумен қамту және газбен қамту) тарифтердің ұлғаюы жоспарланған еді. Уәкілетті органның жергілікті атқарушы орнандармен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерімен жүргізген жұмысының нәтижесінде 1 қаңтардан бастап тарифтер ұлғаймай, төмендейді деп көздеп отырмыз», — деп атап өтті С. Жұманғарин бейсенбіде үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
ҚР ҰЭМ ақпаратына сәйкес, биылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша, үш өңірдің тұрғындары үшін жылу тарифтері төмендетілген: Ақмола облысы – 36,8%-ға (116,1-ден 73,4 теңге/м2 дейін); Солтүстік Қазақстан облысы – 1,1%-ға (114,7-ден 113,4 теңге/м2 дейін); Шығыс Қазақстан облысы (Семей қ.) – 2,8%-ға (70,1-ден 68,2 теңге/м2 дейін).
«Бұдан өзге, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 14 өңірдің халқына тарифтер төмендейтіні болжанған: Қарағанды облысында 2,2%-дан Түркістан облысында 15,3%-ға дейін. Соның нәтижесінде халықтың жылумен қамту қызметтерінен үнемдейтін сомасы шамамен 6 млрд тг құрайды», - деді С. Жұманғарин.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтөбе облысының халқына жылу тарифін 10%-ға (129,25-тен 116,33 теңге/м2 дейін) төмендету көзделген. Оған қоса, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ жылу энергиясын өндіру қызметіне өтемдік тарифтің бекітілуіне орай, жылу тарифі 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап қосымша 10%-ға (116,33-тен 104,7 теңге/м2 дейін) төмендеуі күтілуде. Осылайша, жалпы 2019 жылы Ақтөбе облысының халқына жылу тарифі 19%-ға (129,25-тен 104,7 теңге/м2 дейін) төмендейді деп болжанған.
2018 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша Жамбыл облысында халық үшін су тарифі 22%-ға (52,3-тен 40,8 теңге /3-ке дейін) қысқартылды.
Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 16 аймақта тұрғындар үшін тарифтер 3%-дан 22,7%-ға дейін төмендемек.
Бүгінгі күні Жамбыл облысының халқы үшін су бұру тарифі 0,4%-ға (16,4-тен 16,3 теңге/3-ке дейін) төмендеді. Сонымен қатар, С. Жұманғарин елдегі ең төмен тариф Жамбыл облысында екенін атап өтті.
Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған 16 аймақтың халқы үшін тариф деңгейі 3%-дан 11,4%-ға дейін (54,07-ден 47,91 теңге/м3-ге дейін) төмендейді.
Хабарда атап өтілгендей, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап болжамды бағаның төмендеу деңгейі 3,3%-дан 17,5% аралығында болмақ. Сонымен бірге, Алматы халқы үшін газ бағасы 12%-ға төмендемек (29,8-ден 26,2 теңге/м3), Шымкент қаласы мен Түркістан облысында — 6% (30,7-ден 28,9 теңге/м3), Жамбыл облысында — 6% (24,3-тен 22,8 теңге/м3). Нәтижесінде газбен жабдықтау қызметтеріне халық қаражатының шамамен 5 млрд теңгесі үнемделмек.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық үшін электр энергиясына арналған бағаны төмендету Республиканың барлық өңірлерінде күтілуде. 2018 жылдың 20 желтоқсандағы жағдай бойынша халық үшін электр энергияның бағалары Жамбыл облысында 3,6%-ға (13,35-тен 12,86 теңге/кВтс дейін) және Қызылорда облысында 4%-ға (14,51-ден 13,93теңге/кВтс дейін) төмендетілді.
«Халық үшін бөлшек бағаны болжамдық төмендету 1,7%-дан 22,32%-ға дейін құрайды. Нәтижесінде халықтың қаражатын үнемдеу жалпы электрмен жабдықтау қызметі үшін 7,8 млрд теңгеге жуық құрайды», - деді С.Жұманғарин.
Ұлттық экономика вице-министрінің ақпарынша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызмет үшін төлем Шымкентте 13 788 теңгеден айына 12 447 теңгеге дейін, Ақтөбеде – 11 405 теңгеден 10 336, Өскеменде – 6 654 теңгеден 6 341, Таразда – 10 471 теңгеден 9 665, Оралда – 10 910 теңгеден 9 875, Қызылордада – 9 153 теңгеден 8 288, Петропавлда – 10 857 теңгеден 10 474 теңгеге дейін төмендейді.


Жаңалықтармен бөлісу: