2019 жылдың 10 айында Қазақстанда 75 млн тонна мұнай өндірілген

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – 2019 жылдың 10 айында Қазақстанда 75 млн тонна мұнай өндірілген, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша республикадағы мұнай өндірісінің көлемі 74,8 млн тонна немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 100,3% жоғары. Үш ірі мұнай-газ жобасындағы мұнай өндірісі Қашағанда – 11,5 млн тонна, Теңізде – 24,6 млн тонна, Қарашығанақта – 9,1 млн тонна», – деп мәлімдеді дүйсенбіде энергомині баспасөз қызметінің басшысы Нұрлыбек Жеңісбек.
Энергоминінде еске салғандай, 2019 жылы үш жобада негізгі өндірісті толығымен тоқтата отырып, жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды: Қашағанда 14 сәуірден 19 мамырға дейін (күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінен 15 күн бұрын аяқталды); Теңізде 1 тамыздан бастап 12 қыркүйекке дейін (күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінен үш күн бұрын аяқталды); Қарашығанақта жөндеу жұмыстары 15 қыркүйектен 13 қазан аралығында жүргізілген.
«Негізгі өндірістің тоқтағанына қарамастан мұнай өндірісінің көлемі жыл соңында көбейтілді: Қашағанда 13,5 млн тоннадан 14,5 млн тоннаға дейін, Теңізде 29 млн тоннадан 29,6 млн тоннаға дейін, Қарашығанақта 11 млн тоннадан 11,2 млн тоннаға дейін», - деді Жеңісбек.

adimage