Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – 2019 жылдың 10 айында Қазақстанда мұнайды қайта өңдеу 5% астам өскен, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 10 айында мұнайды қайта өңдеу өсімі 14,2 млн тоннадан астам болған, яғни 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 5% жоғары», - деп мәлімдеді энергоминінің баспасөз қызметінің басшысы Нұрлыбек Жеңісбек.
Мұнайды қайта өңдеу бес зауытта жүргізіледі: Павлодар МӨЗ 4,4 млн тонна мұнайды қайта өңдеген немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 100,3% жоғары; Шымкенттегі МӨЗ 4,5 млн тонна мұнайды қайта өңдеген немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 101,1% жоғары; Атырау МӨЗ-де 4,4 млн тонна мұнайды қайта өңдеген немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 101,1% жоғары; CASPI BITUM (Маңғыстау облысы) зауытында 765 мың тонна мұнайды қайта өңдеген немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 104,3% жоғары; «Конденсат» АҚ (Батыс Қазақстан облысы) 116 мың тонна мұнайды қайта өңдеген немесе 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 74,3% жоғары.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26