2019 жылдың ақпанынан бастап бірыңғай қазақ-өзбек визасын беру жоспарлануда

Күні: 16:18, 21-12-2018.

Алматы. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – 2019 жылдың ақпанынан бастап бірыңғай қазақ-өзбек визасын беру жоспарлануда, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі.
«2019 жылдың ақпанында жұмыс басталу керек -  Silk visa жобасы екі елдің ведомстволарында барлық келісімнен өтті, бұл ретте тек техникалық бөлімдері мен құрал-жабдықты келісу ғана қалды», - деп мәлімдеді Ташкентте Өзбекстан Республикасының туризмді дамыту бойынша мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасарының МА Улугбек Касимходжаев баспасөз конференциясы барысында.
Хабарда атап өтілгендей, жобаға Қырғызстан мен Тәжікстан қызығушылық танытып отыр, өз тарапынан Қазақстан оған Әзірбайжан мен Түркияны қосуды ұсынуда. Түркіменстан әзірге ол жағдайды ой елегінен өткізуде.
Еске салсақ, 2018 жылдың маусымында Қазақстанның халықараkық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Өзбекстанға шетелдік туристерді ортақ тарту үшін Silk visa шенген визасының азиаттық нұсқасын жасауды ұсынған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: