2019 жылдың қаңтар-наурызында қолма-қол шетел валютасын нетто-сатуының көлемі 9,3% ұлғайды

Күні: 18:41, 30-04-2019.

Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ – 2019 жылдың қаңтар-наурызында қолма-қол шетел валютасын нетто-сатуының көлемі 9,3% ұлғайды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«Айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын нетто-сатуының жалпы көлемі 2019 жылғы қаңтар-наурызда (502,3 млрд теңге) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (2018 жылғы қаңтар-наурызда – 459,4 млрд теңге) 9,3%-ға ұлғайды», - делінген хабарда.
Бұл ретте, 2019 жылғы наурызда халық нетто-негізде 160,5 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды.
«Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 53,0%, немесе 85,0 млрд теңге, Ресей рублін – 29,4%, немесе 47,3 млрд теңге, еуро – 17,4%, немесе 27,8 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Алдыңғы аймен салыстырғанда аталған шығыстар 19,4%-ға азайды. Валюта түрлеріне бөлгенде АҚШ долларын сатып алуға шығыстар еуро сатып алуға шығыстар 26,9%-ға, еуро сатып алуға 9,5%-ға, Ресей рублін сатып алуға 8,3%-ға азайды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: