Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – 2019 жылғы қаңтарда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 65 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 1,8% кем, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың қаңтар айында құрылыс жұмыстарының барынша көбі инженерлік салада (14,4 млрд теңге), өнеркәсіптік ғимараттарда (11,2 млрд теңге), тұрғын үй саласында (10,6 млрд теңге), тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібінде (9,2 млрд теңге), көлік магистралі, көше, жол, темір жолдар, көпір мен тоннельдер (5,6 млрд теңге)», - делінген комитеттің ай сайынғы есебінде.
Статақпарға сәйкес, 2019 жылдың қаңтарында 3504 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 3321-і тұруға арналған, 183- тұруға арналмаған.
«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы пайдалануға берілген нысандар: жалпы білім беретін мектеп – 2; мектепке дейінгі мекеме – 9; амбулаторлық-емханалық мекеме– 1», - делінген хабарда.
2019 жылдың қаңтарында Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 1,8% төмендеді
