2019 жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G желісін енгізу жоспарлануда

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – 2019 жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы жән шымкентте 5G желісін енгізу жоспарлануда, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдар саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер қамтылады деп күтілуде», - делінген ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы өткен кеңес қорытындысы бойынша жарияланған хабарда.
«Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды (IoT). ҚР Үкіметінің басшысы берілетін деректердің ағымының жылдамдығы мен өткізгіштік қабілетін арттыру ТКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларында жобаларды іске асыруда телемедицианы дамыту, Smart City компонентерін енгізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру т.б. тұрғысынан салмақты серпін беретінін баяндады», - деді үкіметтен.
ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді.
«Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда 5G енгізу бойынша Шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды», - делінген хабарда.

adimage