2019 жылдың басынан бастап Қазақстан Ұлттық банкі уәжді пайымдауды қолдана алады

Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – 2019 жылдың басынан бастап Қазақстан Ұлттық банкі уәжді пайымдауды қолдана алады, деп хабарлады қаржылық реттеушінің баспасөз қызметінен.
«Қаулыда уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі, оның ішінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдалану кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қадағалау бөлімшесі қарастыратын мәселелер мен жағдайлар (фактілер, мәнжайлар) аясы айқындалды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Уәжді пайымдау қаржы ұйымдарының менеджменті мен акционерлерін келісу кезінде; банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды айқындау және банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелердің жеңілдік талаптарын белгілеу кезінде; банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің сапасын бағалау кезінде; банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы провизияларының (резервтерінің) барабарлығын бағалау кезінде қолданылады.
Қаулы  құжатқа сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

adimage