2019 жылдың басынан бері қазақстандық индустрия және экспорт орталығының екінші рет атауы өзгертілді

Күні: 11:16, 02-08-2019.

Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ - 2019 жылдың басынан бері «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның атауы екінші рет өзгертілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ болып өзгертілсін. Қазақстан Республикасы үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін», - делінген бейсенбіде ұсынылған үкімет қаулысында.
Еске салсақ, орталықтың екінші қайтара атауын өзгертуді жосарлап жатқаны туралы ҚазТАГ ХАА 14 мамырда хабарлаған еді. Ал оның алдында 25 сәуірде ҚазТАГ «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ болып өзгертілгені туралы хабарлаған еді. Сәйкесінше, ол кезде өзгертулер акционерлік қоғам және шаруашылық серіктестіктерінің, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және республикалық меншікте қалатын қатысу үлесінің, салалық министрлік пен басқа да мемлекеттік органдарға берілетін иемдену және қолдану құқығы тізіміне енгізілген болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: