2019 жылдың басынан бері ҚР медмекемелері ӘМСҚ-дан Т868 млрд алды

Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – 2019 жылдың басынан бері ҚР медмекемелеріне «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ-нан тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қаржыландыру аясында Т868 млрд астам қаржы төленді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«2019 жылы 6 желтоқсандағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 868,3 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 91 пайызы», - деп хабарлады ӘМСҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ермек Прімбетов.
Қорда нақтыланғандай, 2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 948,6 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл 2018 жылы бөлінген қаржыдан 16 пайыз артық.
2019 жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға 1412 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 728 жеке меншік клиника да бар. Ол 52% құрады.
«Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр», - деді қордан.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

adimage