2019 жылдың басынан бері ҚР медмекемелеріне ӘМСҚ-дан халыққа көрсеткен қызметтері үшін 630 млрд теңге төленді

Алматы. 19 тамыз. ҚазТАГ – 2019 жылдың басынан бері ҚР медмекемелеріне ӘМСҚ-дан халыққа көрсеткен қызметтері үшін 630 млрд теңге төленді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«2019 жылы 19 тамызындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 630 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 71 проценті», - деп хабарлады ӘМСҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова дүйсенбіде.
Қорда нақтыланғандай, 2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 889 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 процент артық.
«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр», - деді Ботагөз Жақселекова.
Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 708 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 64-ке артқан.
«Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр», - деді қордан.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.


adimage