2019 жылдың басынан бері салық өсімі 15% құрады

Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2019 жылдың басынан бері салық өсімі 15% құрады, деп мәлімдеді ҚР қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов.
«Бүгінге жоспар – мембюджет бойынша Т4,15 трлн. Егер былтырғымен салыстырсақ, онда өсім 15% құрайды», - деді Шолпанқұлов бейсенбіде қаржыминінің баспасөз мәслихатында.
Ол сондай-ақ, шамамен 311 мың бақылау-касса машинасын (БКМ) кәсіпкерлердің онлайн режимде қолданатынын атап өтті.
Қаржымині үшін, оның ақпарынша, онлайн БКМ жұмыс жасауының өзі маңызды.
«Жасақтау» мүмкіндігі болса, онда қаржымині ескі машиналармен де жұмыс жасауға дайын», - деп атап өтті қаржы вице-министрі.
Оның ақпарынша, онлайн БКМ енгізуден бірінші күтіліп отырған әсер – сол орындарда салық қызметкерлерінің тексеруінің болмауы.
«Біз дүкендер жанында отырып, қанша сатып алушы келді, қанша тауар сатылды деген секілді ақпаратты тізіп отырмаған болар едік. Енді ондай болмайды», - деді Шолпанқұлов.


adimage