2019 жылдың басында Қазақстанның жалпы алтынвалюта резервтері төмендеді

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – 2019 жылдың басында Қазақстанның жалпы алтынвалюта резервтері төмендеді, деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметінен.
«Жалпы алтынвалюта резервтері Ұлттық Банктегі клиенттердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың азаюы себебінен жыл басынан бері 28,2 млрд долларға дейін төмендегенін айтты. Алтынвалюта резервтерінің деңгейі тауарлар мен қызметтер импортының 7 айынан асады. Ұлттық қордың активтері 58,2 млрд доллар болды, ал жалпы халықаралық резервтер – 86,4 млрд долларды құрады», - деп мәлім етті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев дүйсенбідегі үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол 2019 жылғы 1-жартыжылдықтың қорытындылары бойынша инфляцияның ағымдағы жылғы 4-6% нысаналы дәлізде сақталып, жылдық көрсетуде 5,4% деңгейде қалыптасқанын атап өтті. Базалық ставка 9,25%-дан 9,00%-ға дейін төмендетілді.
«Ұлттық валюта бағамы сыртқы және ішкі факторлар әсерінен қалыптасты және жыл басынан бері 0,2%-ға нығайды. Елдің төлем балансы экспорттық өнімге тұрақты сұраныс аясында жақсаруын жалғастыруда. Осы жылғы 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шоты профицитпен қалыптасып, 0,4 млрд долларды құрады», - деді қаржылай реттеуші басшысы.
Оның айтуынша, Ұлттық Банк экономиканы қолжетімді кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды іске асыру бойынша шаралар қабылдауда.
«Ағымдағы жылғы 1-тоқсанда кредит портфелі банктердің жұмыс істемейтін қарыздарды 624 млрд теңге сомаға 12,5 трлн теңгеге дейін есептен шығаруы нәтижесінде төмендеген соң, сәуір-мамырда кредиттік белсенділік қалпына келуі байқалады», - деді қаржылай реттеуші басшысы.
Оның айтуы бойынша, банк секторының жалпы кредит портфелі ағымдағы жылғы сәуір-мамырда 2,2%-ға ұлғайып, 12,8 трлн теңгеге дейін өсті. Ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр аралығында банктер өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда барлығы 14,2%-ға көп жаңа кредит берді.
«Ақша-кредит талаптары жеңілдеуде. Бизнес үшін теңгемен кредиттер бойынша ставка 2018 жылғы мамырдағы 12,5%-бен салыстырғанда 11,9%-ға дейін төмендеді. Қорландыру базасын жақсарту үшін халықтың депозиттері бойынша ең жоғары ставка мерзімді және жинақ салымдардың пайдасына 12,5%-ға және 13,5%-ға дейін өсірілді. Шетел валютасындағы салымдарды теңгедегі салымдармен алмастыру жалғасуда. Депозиттердің долларлану деңгейі жыл басындағы 48,4%-дан ағымдағы жылғы мамырдың қорытындылары бойынша 39,1%-ға дейін төмендеді», - деді Досаев.

adimage