2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда қаржы ұйымдары мен коллекторға қарсы 200-ге жуық ықпал ету шарасы қолданылды

Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда қаржы ұйымдары мен коллекторларға қарсы 200-ге жуық ықпал ету шарасы қолданылды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін (шағымдарын) қарау қорытындылары бойынша қаржы ұйымдарына, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерге қатысты 195 ықпал ету шарасы, оның ішінде жалпы сомасы 13 897 402,05 теңгеге 38 айыппұл қолданылды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 143 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде: 9 128 302,05 теңге сомасына 23 әкімшілік айыппұл; 118 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы; 2 жазбаша ұйғарым.
«Банктердің негізгі бұзушылықтары банктік қарызға қызмет көрсетуді; төлемдер мен ақша аударымдарын; банктік шоттар мен банкоматтарға қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты», - деді қаржылық реттеуші.
Сақтандыру ұйымдарына қатысты 5 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде: 252 500 теңге сомасына 1 әкімшілік айыппұл; 4 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы.
«Сақтандыру ұйымдарының негізгі бұзушылықтары сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ісі бойынша құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтамауға байланысты», - делінген хабарда.
Микроқаржы ұйымдарына қатысты 28 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде: 3 007 600 теңге сомасына 7 әкімшілік айыппұл; 19 жазбаша ұйғарым; 1 жазбаша ескерту.. Микроқаржы ұйымдарының негізгі бұзушылықтары микрокредит беру туралы шартының Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне, сондай-ақ кредиттік бюро және микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының бұзуына байланысты болды.
«Коллекторлық агенттіктерге қатысты 19 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде: 1 509 000 теңге сомасына 7 әкімшілік айыппұл; 10 жазбаша ұйғарым, 2 жазбаша ескерту. Коллекторлық агенттіктердің басты бұзушылықтары коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын сақтамауға, оның ішінде борышкермен өзара әрекеттесу кезінде жосықсыз әрекеттерге жол беруге байланысты», - деді Ұлттық банкте.

adimage