2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы медициналық ұйымдар Т58,5 млрд сомаға тегін дәрі –дәрмек алды

Астана. 12 шілде. ҚазТАГ – 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы медициналық ұйымдар Т58,5 млрд сомаға тегін дәрі –дәрмек алды, деп хабарлады «СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметінен.
«58,5 млрд. теңгеге тегін дәрі-дәрмектер жылдың алғашқы 6 айында елдің медициналық ұйымдарына жөнелтілді, бұл олардың жалпы жылдық өтінімінің 65%-ын құрайды. Оның ішінде, ҚР ДСМ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінің деректері бойынша, 41 млрд.теңгеден астам сомаға препараттар пациенттерге берілді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, медициналық ұйымдардан түскен қате өтінімдерге байланысты жеткізуде іркіліс жасау мүмкіндігін болдырмау үшін осы жылы Бірыңғай дистрибьютор ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдармен жария офертаны жасады.
«Оферта аясында түпкілікті өтінімдерді медициналық ұйымдар қалыптастырады, бірақ жөнелту бір рет мәлімделген көлемнің негізінде емес, нақты қажеттілік пен тұтыну жылдамдығы негізінде жүзеге асырылады», - деп түсіндірді «СҚ-Фармация» басшысы.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерге қосымша қажеттілікке арналған өтінімдерді тұрақты негізде қабылдап, өңдейді, осы өтінімдердің негізінде жөнелтуге рұқсат қағаздарды ресімдейді және оған сәйкес дәрі-дәрмектерді өңірлерге таратады. «Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмек сатып алу жөніндегі мәліметіне қарағанда, бірінші жартыжылдықта амбулаториялық пациенттерді тегін қамтамасыз ету үшін ең көп медициналық препараттар Алматы қаласының емханаларына келіп түсті - ол жаққа шамамен 7,8 млрд.теңге сомаға дәрі-дәрмек тиелген, ал пациенттер қазірдің өзінде 5,3 млрд. теңге сомаға тегін дәрі-дәрмек алған. Жыл соңына дейін мегаполиске медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша 12,3 млрд.теңгеге медициналық өнім түседі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Көлемі бойынша екінші тегін дәрі-дәрмек алған ШҚО – 9,8 млрд.теңгеге тапсырыс берілген жылдық көлемнен 5,7 млрд. теңгеге дәрілік заттар алынды. Осы өңірдегі емделушілер қазіргі таңда 5,3 млрд.теңгеге тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алды.
«Елордалық медициналық ұйымдарға бірінші жартыжылдықта 6,2 млрд.теңгелік жалпы жылдық өтінімнен 5,6 млрд. теңгеге тегін дәрі-дәрмек келіп түсті. Оның ішінде 1 шілдеге дейін Нұр-Сұлтанның амбулаторлық емделушілеріне 3,2 млрд.теңге көлемінде дәрі-дәрмек берілді», - деді бірыңғай дистрибьютор.
5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмектер Қарағанды облысына, 4,4 млрд.теңгеге - Түркістан қаласына және 4,1 млрд. теңгеге - Алматы облысына жөнелтілді. Қостанай облысы диспансерлік есепте тұрған амбулаториялық емделушілер үшін 2,9 млрд.теңге, Жамбыл – 2,8 млрд. теңге, Атырау – 2,7 млрд. теңге және Қызылорда – 2,6 млрд. теңге сомаға дәрі-дәрмек алды. БҚО және Шымкент қаласына дәрі-дәрмектер 2,5 млрд. теңге, СҚО – 2,4 млрд. теңге, Ақмола облысына - 2,3 млрд. теңге, Ақтөбе облысына - 2,1 млрд. теңге, Павлодар облысына - 1,8 млрд. теңге және Маңғыстау облысына - 1,3 млрд. теңге сомаға түсті.

adimage