2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қызмет бабында жүрген 25 журналист ұсталды - «Әділ сөз»

Күні: 14:44, 28-06-2019.

Алматы. 28 маусым. ҚазТАГ - 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қызмет бабында жүрген 25 журналист ұсталды, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында қызмет бабында жүрген 25 журналист ұсталған, 18-не қылмыстық тәртіпте айып тағылған (негізінен жала жабу бойынша), мақалалардың 35 «батыры» сотқа өздерінің ар-намысын, қадір-қасиетін, іскери беделін қорғау үшін жүгірді. Ал әкімшілік «ұсақ-түйек» бойынша да 11 хаттама жиналған», - делінген жұмадағы хабарда.
«Әділ сөз» пікірінше, көз жетерлік болашақта сөз бостандығы үшін режимнің жұмсара қояры неғайбыл, не болса да, қорда атап өткендей, оған себеп болар нақты алғышарттарды олар көріп тұрған жоқ.
«Сонда да: жазатын және түсіретін бауырларымыздың бірде-бірін биыл өлтірмеген, отырғызбаған, тонамаған, БАҚ-ты жаппаған. Онан бетер, журналистік гвардия берілмегенімен қоймай, күшін көбейтіп, жас таланттармен толығып жатыр», - делінген хабарда.
Еске салсақ, қазақстандық журналистер 28 маусымда өздерінің кәсіби мерекелерін атап жатыр. Бұл – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні, бұл күн 2011 жылдың 20 қазанында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген еді.


Жаңалықтармен бөлісу: