2019 жылдың І жартысында Қазақстанда коллекторларға алты санкция мен шектеулі шаралар қолданылған

Алматы. 25 сәуір. ҚазТАГ – 2019 жылдың І жартысында Қазақстанда коллекторларға алты санкция мен шектеулі шаралар қолданылған, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Ұлттық Банкке қарыз алушылардан коллекторлардың заңсыз іс-қимылдарына қатысты өтініштер түсуде. Негізгі шағымдар борышкермен Заңның 5-бабында айқындалған өзара іс-қимыл тәртібін бұзуға байланысты орын алып отыр. Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша коллекторлық агенттіктерге қатысты 6 (алты) санкция мен шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде: айыппұл салу және өндіріп алу түрінде 2 санкция; жазбаша ұйғарым түрінде 4 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ұлттық банк ақпарынша,, Ұлттық Банкке қарыз алушылардан коллекторлардың заңсыз іс-қимылдарына қатысты өтініштер түсуде. Негізгі шағымдар борышкермен Заңның 5-бабында айқындалған өзара іс-қимыл тәртібін бұзуға байланысты орын алып отыр. Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша коллекторлық агенттіктерге қатысты 6 (алты) санкция мен шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде: айыппұл салу және өндіріп алу түрінде 2 санкция; жазбаша ұйғарым түрінде 4 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.
«Сондай-ақ Заңда коллекторлық агенттіктердің мынадай жосықсыз ісқимылдарына:  коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не аталған адамдардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге;  коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ аталған адамға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;  борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді БҚШ немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;  коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын адамды берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;  коллекторлық агенттіктің берешекті өтеу есебіне ақшаны (қолма-қол немесе қолма- қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауына; коллекторлық агенттік тарапынан берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;  кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе ҚР заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынған», - деп еске салды қаржылық реттеуші.


adimage