Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ – 2019 жылдың І жартыжылдығында портфельдік инвестициялар бойынша таза әкетілу $4,2 млрд. құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінен.
«ҚР Ұлттық қорының және басқа да резиденттердің активтерінің өсуі, сондай-ақ қазақстандық банктер мен кәсіпорындардың міндеттемелерді өтеуі портфельдік инвестициялар бойынша 4,2 млрд. АҚШ долларындағы таза әкетілуге алып келді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Басқа инвестициялар бойынша 3,3 млрд. АҚШ долларындағы таза әкетілу резиденттердің шетелдік шоттардағы активтерінің ұлғаюымен, мемлекеттік басқару органдарының және банктердің ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыздар бойынша міндеттемелерді өтеуімен, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша халықтың қолындағы қолма-қол шетел валютасының (ҚШВ) өсуімен қамтамасыз етілді.
Ұлттық банкте атап өтілгендей, тікелей инвестициялар бойынша капиталдың таза әкелінуі бейрезиденттердің кірістерін қайта инвестициялаумен, резиденттердің өзінің шетелдік еншілес ұйымдарының капиталын алумен, сондай-ақ шетелдік үлестес компаниялардың қазақстандық кәсіпорындардың алдындағы өздерінің борыштық міндеттемелерін өтеумен қамтамасыз етілген 3,7 млрд. АҚШ доллары болды.
2019 жылдың І жартыжылдығында таза әкетілу $4,2 млрд. құрады
