Алматы. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда Түркістан облысында 2019 жылдың наурызында қуаты 20 мВт болатын күн электр станциясын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 42 гектар жерде қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталуда. Жобаны қазақстандық «EcoProTech-Astana» компаниясы германиялық «DERA GmbH» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Тартылған инвестиция көлемі – 35 млн. долллар. (…)Қазіргі уақытта құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Ағымдағы жылдың ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады. Электр станциясының іске қосылуы 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған», - делінген ақпарда.
Ведомство ақпарынша, күн электр стансасының құрылысы аясында 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модуль, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ 10 таратушы құрылғы орнатылады. «Жасыл» энергия көздерінен өндірілген электр энергиясы Қазақстандағы бірыңғай электр энергетикалық жүйесі болып табылатын «KEGOC» АҚ-ға жеткізіледі. Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс адам жұмыспен қамтылмақ. Жобаны «Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы – «TURKISTAN INVEST» сүйемелдеуде.
2019 жылдың наурызында Түркістан облысында күн электр санциясы іске қосылады
