2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда газ тарту 1,5 есе артады деп күтілуде

Астана. 20 маусым. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда газ тарту 1,5 есе артады деп күтілуде, деп мәлім етті ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«Жалпы, елді газбен қамту деңгейін 2019 жылдың қорытындысы бойынша 50% астам арттыру күтілуде. Бұл ретте атап өту керек, халықты салынған газ желілеріне тарту мәселесі тұр. Мәселен, Түркістан облысының тұрғындары үшін газға қол жетімділік салынған, бірақ жұмыс жасамайтын газ желісінің салдарынан шектеулі болуы мүмкін», - деді Бозымбаев бейсенбі күні тұрғындармен есепті кездесуінде.
Оның ақпарынша, елге газ тарту деңгейі 49,7% жеткен.
«Газ шамамен 9 млн адамға қол жетімді», - деді министр.
Ол халықтың тауарлы газды қолдануы өсіп келе жатқанын, газ тартуға бөлініп жатқан қаржының да жыл сайын артып отырғанын атап өтті.
«2019-2021 жылдарға өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында газ тартуға қаржы қарастырылған (Т86 млрд): «Нұрлы жер» (Т5,8 млрд), сонымен қатар 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы берген тапсырмалар аясында да қаржы бөлінеді (Т157 млрд)», - деді министр.
Сонымен Бозымбаевтың айтуынша, Т157 млрд сома 1 млн астам тұрғынның газға қол жеткізуіне мүмкіндік береді: астанада – 370 мың адам, Қарағанды облысында – 270 мың, Ақмолада – 100 мың, Маңғыстауда – 130 мың, Жамбылда – 175 мың, Қостанайда – 9 мың және Батыс Қазақстан облысында – 10 мың.
Сонымен қатар, ол Сарыарқа газ құбырының құрылысы кесте бойынша жүріп жатқанын да айта кетті: Жезқазған маңында дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр, бүгінгі таңда шамамен 420 ш. құбыр өткізгіш дәнекерленген. Бұл газ құбыры ұзындығының 35% астамын құрайды.
«Елордадан бөлек, бірінші кезеңде газға 171 елді мекендегі 142 мың тұрғын қол жеткізеді, соның ішінде Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтпаев, Сарань, Шахты қалалары бар. (…) Бүгінде газ жүйесі нысандарын «ҚазТрансГаз» операторының балансына беру жұмыстары жүргізілуде», - деді Бозымбаев.

adimage