2019 жылдың сәуірінде Қазақстандағы халықаралық резервтер $47,2 млн артты

Күні: 13:01, 28-05-2019.

Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ – 2019 жылдың сәуірінде Қазақстандағы халықаралық резервтер $47,2 млн артты, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы сәуірде Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 0,2%-ға немесе 47,2 млн АҚШ долларына 27,1 млрд АҚШ долларына (жыл басынан бері – 12,4%-ға немесе 3,8 млрд АҚШ долларына төмендеу) дейін ұлғайды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қаржылай реттеушінің ақпарынша, алтын сатып алу бойынша операциялар, Үкіметтің және басқа ұйымдардың Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуі банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтардың төмендеуімен, сондай-ақ Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен ішінара бейтараптандырылды.
«Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (59,3 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2019 жылғы сәуірдің соңында 86,4 млрд АҚШ доллары болды. Ақша базасы 2019 жылғы сәуірде 8,9%-ға тарылды және 5 694,8 млрд теңге (жыл басынан бері тарылу 14,4%) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы іс жүзінде өзгерген жоқ – 5 086,5 млрд. теңгеге дейін (15,2%-ға тарылу) 0,02%-ға тарылды», - делінген хабарда.
Алдын-ала ақпар бойынша, 2019 жылғы сәуірде ақша массасы, алдын ала деректер бойынша, 0,2%-ға төмендеп, 19 354,0 млрд теңге (жыл басынан бері төмендеу 7,0%) болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 207,4 млрд теңгеге 0,6%-ға (2,3%-ға төмендеу) ұлғайды.


Жаңалықтармен бөлісу: