Астана. 16 қыркүйек. ҚазТАГ - 2019 жылдың тамызында Қазақстан экспорты 0,6%, ал импорт 0,2% төмендеді, делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) Статистика комитеті хабарламасында.
«2019 жылдың тамызында Қазақстан экспорты 0,6%, ал импорт 0,2% төмендеді, ал жыл басынан бері сәйкесінше 2,5% және 4,7% өсті»,- делінген есепте.
Статистикаға сәйкес, қаңтар-тамызда экспорттық жеткізілім бағасы мыналарға өсті: темір кені 41%, көмір – 17,4%, қара металл бұйымдары – 6%, қара металл прокаты – 5,9%, қорғасын – 5,4%, мұнай – 3,7%, ал мыналарға төмендеді – ферроөқорытпаға 18,9%, хром кені – 12,3%, мырыш – 3,2%.
Бағаның өсуі бидайға - 18,3%, жүнге – 1,6%, төмендеуі – мақтаға 3,1%.көлемінде тіркелді.
Импорттық өнімдердің ішінен көкөніс 40,6%, кондитерлік өнімдер – 9,6%, күріш – 8,5%, балық – 8,2%, темекі – 7,4%, макарон өнімдері –6,6%, сүт өнімдері – 6%, кофе – 5,4%, өсімдік майы – 5,3%, құс еті – 4,3%, шәй – 4,1% қымбаттады, шекер 7%, жемістер мен жаңғақтар – 6,9%, какао – 4% арзандады.
Фармацевтикалық өнімдердің бағасы 9,8%, пластмасса – 6,9%, құрылыс материалдары – 5,1%, тоқыма бұйымдары – 4,8%, ағаш бұйымдары – 4,6% қымбаттады.
2019 жылдың тамызында Қазақстан экспорты 0,6%, ал импорт 0,2% төмендеді
