Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – 2019 жылдың тоғыз айында Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 6% өсті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Биыл 9 айда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 6%-дан астамға $3,4 млрд-қа дейін өсті. ҚР экономикасына тікелей француз инвестицияларының ағымы осы жылдың бірінші жартысында 24%-ға $537 млн-ға дейін артты», - деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерер Фриестің жетекшілігімен палата өкілдерін қабылдау барысында.
Үкіметте нақтылағандай, Қазақстанда түрлі салаларда француз капиталының қатысуымен 230-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде Total, Orano, Alstrom және басқалары тәрізді ірі трансұлттық корпорациялар бар.
«Тәуелсіздік жылдары Франция компаниялары Қазақстанға $16,4 млрд-тан астам инвестиция салды», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі28 Наурыз 2024, 09:03
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04