2019 жылы 3,2 мың қазақстандық қажылыққа барады

Астана. 18 шілде. ҚазТАГ – 2019 жылы 3,2 мың қазақстандық қажылыққа барады, деп хабарлады орталық коммуникация қызметінен (ОКҚ).
«31 шілде-20 тамыз аралығында қажылыққа 3,2 мың қазақстандық барады (2018 жылы – 3 мың адам)», - деп мәлімдеді бейсенбіде ОКҚ брифингінде ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов.
Ол атап өткендей, Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылыққа барушыларды екі әуекомпаниясы тасымалдайды – отандық Scat және Сауд Араиясының FlyNas әуе компаниясы.
«Бірінші рейс Ақтау және Шымкент қалаларынан ұшады», - деді Нүкежанов.
Өз кезегінде ҚР Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпенов Меккеге қажылыққа бару Исламның бес парызы екенін атап өтті.
Оның айтуынша, елде қажылықтың мақсаты мен тәртібін түсіндіру бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі 530 мешітте семинар-тренингтер өткізілуде. Қажылыққа барушыларға 12 адамнан тұратын қажы-миссия көмектесетін болады, олардың сегізі наиб мүфти бастаған ҚМДБ өкілі және АҚДМ дін істері комитетінің өкілі және үш дәрігер бар.

adimage