2019 жылы ақпарат кеңістігіне мониторинг жасау Қазақстан бюджетіне Т200 млн сомаға шығады

Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – 2019 жылы ақпарат кеңістігіне мониторинг жасау Қазақстан бюджетіне Т200 млн сомаға шығады, делінген ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған бюджеттік бағдарлама жобасында.
«Ақпараттық кеңістік мониторингі» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар: 2019 – 196 792», - делінген құжатта.
Бағдарлама мақсаты ретінде «тұрғындар үшін мемлекеттік қызметке қолжетімділік және сапаны арттыру», ал міндеті ретінде «халықтың БАҚ-та мемлекеттік саясаттың жариялануына қанағаттану деңгейі 2019 жылы 66%-дан кем болмауы керек» деп көрсетілген.

adimage