Талдықорған. 20 ақпан. ҚазТАГ - 2019 жылы Алматы облысының фермерлері ет экспортын 4 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлауда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Былтыр біздің облыста жалпы шамамен 1 мың тонна ІҚМ еті экспортталды. Биыл біздің фермерлер ол көрсеткішті 4 мың тоннаға дейін жеткізуге ниетті», - деп мәлім етті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сәрсенбіде халықпен есепті кездесуде.
Ол сондай-ақ, атап өткендей, мемлекеттік қолдаудың барлық шараларының арқасында өңірдегі ауыл шаруашылық экспортының деңгейі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 28% астамды құрады.
«Қазір біздің алдымызда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мен нарық тұтынушылары арасындағы делдалсыз тікелей қарым-қатынасты реттеу міндеті тұр», - деді А. Баталов.
2019 жылы Алматы облысының фермерлері ет экспортын 4 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлауда
