2019 жылы Алматының қоғамдық көлігі үшін Т33 млрд шамасында субсидия қарастырылған

Күні: 17:47, 27-03-2019.

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. 2019 жылы Алматының қоғамдық көлігі үшін Т33 млрд шамасында субсидия қарастырылған, деп мәлім етті қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.
«Қалада 116 бағыт бар, оның 89-ы (76%) әлеуметтік-маңызды болып танылған, олар бойынша тасымалдау шығынын басқарма субсидиялайды. Субсидия сомасы Т9,8 млрд. құрады, оның ішінде 2017 жылы - Т640 млн (44 бағытқа), 2018 жылы – Т9,2 млрд (89 бағытқа). (...) 2019 жылы Т32,7 млрд (118 бағытқа) көлемінде субсидия қарастырылған», - деді Телібаев сәрсенбі күні қоғамдық кеңес отырысында.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, тасымалдаушылардың жолаушыларды тасымалдау сапасын бұзғаны үшін субсидия сомасынан Т597 млн ұсталды.
Хабарда атап өтілгендей, республика бойынша субсидиялауға Т15 млрд. бөлінген. Алматының үлесі 61% құрайды, бұл Астананың үлесінен (Т3 млрд) үш есе жоғары.
«Бір жолаушының жолақысының орташа өзіндік құны Т250 асады, десек те тариф Т80 деңгейінде ұсталып келеді», - деді спикер.
Оның айтуынша Ұзынағаш-Алматы қаламаңы теміржол хабарламалары Т587 млн. сомаға субсидияланған, 565,9 мың жолаушы тасымалданған.
«Қала тұрғындарының әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына қалалық қоғамдық көлікте (350 мың адам) тегін және жеңілдікпен жүру (Т40) ұсынылған, бұл ретте оларды тасымалдау шығындарын басқарма өтейді», - деді Телібаев.
Өтемақы сомасы, оның айтуынша, Т5 млрд құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: