2019 жылы Астана, Алматы және Семейден студенттерге шамамен 5 мың орын ұсынылады

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – 2019 жылы Астана, Алматы және Семей студенттеріне шамамен жатақханалардан 5 мың орын ұсынылады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.  
«Мемлекет басшысының үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде 15 қазанда ҚР Білім және ғылым министрлігі  студенттер жатақханаларын жаңа орындармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыстың алғашқы шарттарына отырды», – делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.  
«Келісімдердің нәтижесінде нысандарды салу және қайта жөндеу арқылы Астана, Алматы және Семей қалаларының студенттері үшін 4 мыңнан астам орын пайдалануға берілу жоспарлануда, оның 2 810 орны келесі жылы беріледі», - делінген хабарда.
БҒМ ақпарынша, алдағы уақытта оқу орындарымен және әлеуетті инвесторлармен бірге жаңа жобаларды бастау бойынша жұмыстарды жандандыру жоспарлануда. басты мақсат – 2019 жылы жаңа 5 мың төсек-орнын енгізу.    
«Шарт тараптары ретінед ҚР БҒМ енсе,   бағдарламаны жүзеге асырушы оператор Қаржы орталығы және бірқатар ЖОО, оның ішінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Д. Асфендияров атындағы ҚҰМУ, Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, ҚазГЮУ және Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы», - делінген хабарда.  
Сонымен қатар, шара барысында бағдарламаның опеараторы Қаржы орталығы АҚ мен Қазақстанның ипотекалық ұйымы арасында студент жастардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылды.

adimage