2019 жылы Астананың төрт ТА-да ДСК құрылысы басталады

Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ – 2019 жылы Астананың төрт тұрғын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (ДСК) құрылады, деп хабарлады астана әкімінің баспасөз қызметінен.
«Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жобалы-сметалы құжаттамасы Көктал-2, Ильинка, Өндіріс және Железнодорожный тұрғын үй алаптарында құрылыс жүргізу үшін өнделіп жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл басталмақ», - деп хабарлады бейсенбіде қалалық әкімдіктен.
Елордалық биліктің ақпарынша, жоба бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ішінде әмбебап спорт залдары, күрес және бокспен айналысатын залдар, ХҚКО-ның бөлімі, егде жастағы адамдардың қызығушылығы бойынша клубтар, медпункт және полиция бөлімшелері, кітапханалар, балалардың қысқа уақытқа қалатын бөлмелері, буфет және басқа да қосымша бөлмелер болады.
«Мекеменің жалпы ауданы 2600 шаршы метр, жоспардағы көлемі 45,0х48,0 метр. Бір ауысымда кешенге келетін адамдардың максималды саны: 260 клиент, 36 қызметкер. Жобада энергияның альтернативті көзі ретінде гелиоқұрылғылы күн электр панелдері қарастырылған. Кешендер көлік қоятын орындармен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарда.
Жоба Астанадағы «Шетсіз қала» бағдарламасына кіреді.

adimage