2019 жылы аз қамтылған және көп балалы отбасылар шамамен 12 мың пәтер алады

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. 2019 жылы аз қамтылған және көп балалы отбасылар шамамен 12 мың пәтер алады, деп хабарлады ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
«Биыл көп балалы және аз қамтылған отбасыларға шамамен 6 мың жалға берілетін пәтерлер бөлінген, тағы 6 мың отбасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (ТҮҚЖБ) займы есебінен жағдайларын жақсартады. Алдағы 7 жылда бұл санаттағыларға шамамен 40 жалға берілетін пәтер бөлінеді, ТҮҚЖБ жеңілдік займдары есебінен – 18 мың пәтер», - деді Сапарбаев сейсенбі күні үкімет отырысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын жүзеге асыру аясындағы әлеуметтік жобалары туралы баяндай келе.
Сондай-ақ, ол 81 мың адамның қосымша әлеуметтік көмекпен қамтылатынын, оған бюджеттен Т83 млрд жұмсалатынын, оның Т9,3 млрд сомасы бөлінгенін жеткізді. Кәсіпкерлердің көмегімен аталмыш санаттағы тұлғалар үшін 18 мың жұмыс орны ашылады, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік аясында бизнес аз қамтылғандар үшін баспана сатып алады, оларды кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту курстарын ашады.
«Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын жүзеге асыру аясында біз Қазақстанның жеті өңірінде болдық, кездесулерде көтерілген негізгі мәселелер – аз қамтылғандарды баспанамен қамту, жұмысқа тұрғызу, әлеуметтік көмек көлемін арттыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды техникалық құралдармен қамту», - деді Сапарбаев.

adimage