Нұр-Сұлтан. 13 қаңтар. ҚазТАГ – 2019 жылы контейнерлік пойыздар саны 18% өсті, деп хабарлады «Жүк тасымалы-ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметінен.
«2019 жылы контейнерлік пойыздар саны 18% өсті. 2019 жылы Қазақстан аумағы арқылы 5,3 мың контейнерлік пойыздардың жүруі ұйымдастырылса, бұл 2018 жылдың деңгейінен 18 % жоғары. Пойыздар қозғалысының жылдамдығы 1007 км/тәу. Аталған көрсеткіш 11% өсті», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ұлттық компанияда нақтылағандай, өткен жылы Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша қатынайтын контейнерлік пойыздар саны 2018 жылмен салыстырғанда 5% және де 3071 пойызды құрады.
Пойыздар орташа 1034 км/тәу жылдамдықпен қозғалса, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 15% жоғары. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бекіткен, Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы контейнерлік пойыздардың бағыттық жылдамдығын арттыру жөніндегі жоспарды жүзеге асырудың арқасында жылдамдықты арттыру мүмкін болды. Оның шеңберінде контейнерлік пойыздардың жүру жолындағы тоқтаулардың, локомотивтер, локомотив бригадаларының ауысымы мен техникалық байқауы үшін және өзге де іс-шараларға уақыт қысқартылды. Осындай жоспар 2020 жылға да әзірленетін болады.
Еске салсақ, 2019 жылы Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Болгария, Сербия, Венгрия және Словакия аумақтары арқылы Прагаға (Чехия) ұзындығы 11,5 мың шақырымдық бағыт бойынша Қытайдан Еуропаға алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді. Жаңа фидерлік бағыт бойынша Ақтау порты арқылы Әзірбайжан, Грузия, Түркия бағытына 73 контейнерлік пойыз жүрді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34