Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. 2019 жылы Қазақстан жалпы құны Т1,1 трлн. болатын жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек.
«2019 жылы жалпы Т1,1 трлн. сомаға 120-ға жуық жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда, соның арқасында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылуы мүмкін. Жүзеге асырылатын жобалар арасында ферросилиций өндірісі, керамогранит пен керамикалық тақтайша өндірісі зауытының құрылысы секілді ірі жобалар да бар», - деді Ж.Қасымбек бейсенбіде ведомство алқасы барысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазақстандық-қытайлық жобалар да жүзеге асырылуда, олардың тізімі бүгінгі таңда 55 жобадан тұрады, олардың жалпы құны $27,4 млрд.
ҚР ИИДМ ақпарынша, 13 жоба жүзеге асырылу барысында. 2019 жылы үш жоба іске қосылады деп күтілуде. Олардың арасында үлкен диаметрлі болат дәнекерленген құбыр өндірісі зауыты, Қызылорда облысындағы «Orda Glass Ltd» ЖШС табақ шынылар өндірісі зауыты, сондай-ақ, Шымкенттегі «Амир-А» ЖШС металлургиялық зауытының құрылысы бар.
2019 жылы Қазақстан жалпы құны Т1,1 трлн. болатын жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда
