2019 жылы Қазақстанда 2 млн тонна аз астық дақылдары мен бұршақ дақылдары жиналды

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. 2019 жылы былтырмен салыстырғанда Қазақстанда 2 млн тонна аз астық дақылдары мен бұршақ дақылдарын жинады, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров.
«Қазіргі есептер бойынша биыл дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 млн тоннаны құрауы мүмкін. Бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 млн тоннаға кем. Жалпы жиналған жаңа өнімнен 2,9 млн тонна элеваторларға келіп түсті, оның 1,8 млн тоннасын бидай, 700 мың тоннасы арпа. Жедел деректерге сәйкес, элеваторларға келіп түскен бидайдың 80 пайызға жуығы азық-түлікке, 20 пайызы мал азығына және техникалық мақсатқа арналған бидай. Өткен жылы азық-түлік бидайының көлемі 93 пайыз болған», - деді Омаров дүйсенбідегі үкімет отырысында
Бұл ретте ол астық өнімділігінің төмен болуына ауа райы жағдайының ықпал еткенін атап өтті.
«Ағымдағы жылы еліміздегі астық жинау жұмыстары уақытылы басталды. Орташа өнімділік 12,4 центнер/га болғанда 18,5 млн тонна астық бастырылды. Биыл жаз маусымы өте ыстық және құрғақ болды, бұл астық өнімділігінің төмендеуіне ықпал етті. Нәтижесінде астық өндірісінің былтырғы деңгейге қарағанда төмендеуі күтілуде. Ыстық ауа райыдан бөлек астық жинау науқаны барысында жауын-шашын да көп болды, бұл де өз кезегінде астық сапасы мен оның өнімділігіне ықпал етті», - деп түсіндірді министр.
Омаров мәлімдегендей, астық дақылдарының экспорттық әлеуеті де 2019 жылы төмендейтін болады.
«Алдағы 2019-2020 жылдары астық дақылдары өндірісінің қысқаруына байланысты экспорттық әлеует те былтырғы маусыммен салыстырғанда 3 млн тоннаға төмендейді. Бұл ретте осы маусымның экспорттық стратегиясы былтырғы маусымнан ерекшеленетін болады», - деп атап өтті ол.
Министрдің айтуынша, астық дақылдары тұқымының тапшылығы күтілмейді

adimage