Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – 2019 жылы Қазақстанда 4 млн га алқапқа ауыл шаруашылық зиянкестері таралуы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазіргі уақытта республикалық бюджет есебінен 12 аса қауіпті зиянды организмдерге және 11 карантиндік объектілерге қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Осы мақсаттарға жыл сайын республикалық бюджеттен 3,5-тен 7,2 млрд.теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күшімен зиянды организмдер мен карантиндік арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі. 2019 жылы аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы 3,9 млн. га алаңда болжанып отыр», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Оның ішінде 2,3 млн. га дәнді дақылдар аурулары, 950,4 млн. га үйірлі шегіртке зиянкестері (итальян прусасы – 570,3 мың га, Азия шегірткесі – 206,5 мың га және Марокко шегірткесі–173,6 мың га) және 562,8 мың га сұр астық көбелегі бар.
«Республикалық бюджеттен аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қорғау іс – шараларын ұйымдастыру үшін 4,4 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге – 2,1 млрд. теңге бөлінді», - деді ауыл шаруашылық минінен.
Қазіргі уақытта марокколық шегірткеге қарсы химиялық өңделуі толығымен аяқталды. 7,3 мың га өңделді, оның ішінде Түркістан облысында 5,0 мың га және Жамбыл облысында 2,3 мың га.
«Итальяндық прус пен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары жалғасуда. Ағымдағы жылғы 4 шілдедегі жағдай бойынша итальяндық прус бойынша 341,7 мың га және азиялық шегірткелерге қарсы 133,2 мың га өңделді», - деді ведомстводан.
Бұдан басқа, негізгі астық егетін өңірлерде 1,7 млн. га алаңда астық ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге кірісу жоспарлануда, оның ішінде Ақмола облысында – 739,7 мың га, Қостанай облысында – 438,1 мың га және Солтүстік Қазақстан облысында – 574,0 мың га. Аталған өңірлерге фунгицидтердің барлық көлемі толықтай жеткізілген.
«Осыған байланысты, Министрлік егістіктердің бүлінуіне және егіннің жоғалуына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдауда. Көршілес мемлекеттер тарапынан кінәраттарды болдырмау мақсатында ҚХР-мен, Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерін анықтау мақсатында, сондай-ақ бірлескен хаттамалар мен тексеру актілерін жасай отырып, жүргізілген өңдеулердің тиімділігін анықтау үшін бірлескен зерттеулер жүргізіледі», - делінген хабарда.
2019 жылы Қазақстанда 4 млн га алқапқа ауыл шаруашылық зиянкестері таралуы мүмкін деп күтілуде
