Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ - 2019 жылы Қазақстанда 50-ден астам аудан орталығын жаңғырту басталады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бірінші кезеңде біз 52 аудан орталығын жаңғыртуды бастаймыз, бұл ауыл тұрғынының 9% немесе 700 мыңнан астам тұрғынның өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес қажетті игіліктермен және қызметтермен ауыл тұрғындарының 80%-ын қамтамасыз ету жоспарлануда», - деп хабарлады дүйсенбіде вице-премьер Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазір «Ауыл-Ел бесігі» жобасын ары қарай қаржыландыру қарастырылуда, соның ішінде бюджеттен тыс қаржы есебінен.
«Өткізіліп жатқан шаралар ауыл аумақтарын дамытуға жаңа серпін береді және жалпы ел экономикасына жақсы әсер етеді», - деді Қасымбек.
2019 жылы Қазақстанда 50-ден астам аудан орталығын жаңғырту басталады
