2019 жылы Қазақстанда халық санағын бастау жоспарланған күн белгілі болды

Күні: 16:34, 19-11-2018.

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – 2019 жылы Қазақстанда халық санағы 16 қазанда басталады, делінген үкімет қаулысының жобасында.  
«Қазақстан Республикасының халық санағы  2019 жылдың 16 қазаны мен 14 қарашасы аралығында жүргізілсін.  Қазақстан Республикасы халқының 2019 жылғы санағын жүргізуге арналған шаралар жоспары бекітілсін. Жергілікті атқарушы органдарға 2019 жылдың 1 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсаны аралығында әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта  құру   және көшелердің атауын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізбеу ұсынылады», - делінген құжатта.  
Сонымен қатар, 2019 жылдың бірінші жартысында халық санағын жүргізуге ықпал ету бойынша республикалық және өңірлік комиссия құрылатын болады, ал келесі жылдың 1 тоқсанынан бастап халық санағын жүргізу бойынша әдістемелік құралдарын, халық санағы парақшаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас туралы ортақ актілерді әзірлеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.  
Қаулы жобасы 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Еске салсақ, 5 қыркүйекте Т.Сүлейменов 2019 жылы халық санағын жүргізуге республикалық бюджеттен Т8,8 млрд жұмсау жоспарлануда деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ол атап өткендей, әңгіме 10 жылда бір рет жүргізілетін жалпы ұлттық халық санағы туралы.  


Жаңалықтармен бөлісу: