2019 жылы Қазақстанда әлеуметтік блокқа бюджеттен Т5,4 трлн жұмсалады

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. 2019 жылы Қазақстанда әлеуметтік блокқа республикалық бюджеттен Т5,4 трлн жұмсалады, деп хабарлады ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.
«Нақтылауды ескере отырып, әлеуметтік блок шығыстары (2019 жылғы республикалық бюджеттің – ҚазТАГ) Т5,4 трлн, немесе жалпы шығындардың 44,9% құрайды, яғни Т6,7 млрд. өседі», - деп мәлімдеді Шолпанқұлов жұма күні сенаттағы "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымында.
Ол атап өткендей, аталмыш шығындар стационарлық медициналық көмекке, Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің апробациясына, Өскеменде 200 кереуетке арналған қалалық балалар ауруханасы құрылысын аяқтауға және Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 100 кереуетке арналған перзентхана құрылысын аяқтауға, сонымен қатар Ақтөбеде облыстық перинаталды орталық құрылысын жалғастыруға жұмсалады.
«Әлеуметтік саланы шұғыл түрде қаржыландыру мәселесін шешу мақсатында да қаржы қарастырылды. АӘК алушылардың көбеюіне байланысты атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге Т36,9 млрд. қарастырылған. Медициналық көмек көрсету мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жалғастыруға Т 23,3 млрд қаралды», - деді Шолпанқұлов.

adimage