2019 жылы Қазақстанда мемақпараттық саясатты жүргізуге Т49,5 млрд жұмсау жоспарлануда

Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – 2019 жылы Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге Т49,5 млрд жұмсау жоспарлануда, делінген ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған бюджеттік бағдарлама жобасында.
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар (мың теңге – ҚазТАГ): 2019 – 49 481 773», - делінген құжатта.
Бағдарлама мақсаты ретінде «жүргізіліп жатқан ақпараттық саясатта мемлекет тиімділігін, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру», ал міндеті  – «тұтынушылар арасында отандық ақпараттық өнімге сұраныс деңгейін 67%-дан кем қылмау» деп көрсетілген

adimage