2019 жылы Қазақстанда өндірістік жарақатты төмендету үшін Жол картасы қабылданады

Күні: 17:19, 14-01-2019.

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – 2019 жылы Қазақстанда өндірістік жарақатты төмендету үшін Жол картасы қабылданады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылы Қазақстанда өндірістік жарақаттануды төмендету үшін (жазатайым оқиғаның коэффиценті 1000 адамға санағанда 0,27% дейін) өндірісте жарақаттануды және зиянды жұмыс жағдайларын төмендету бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Кешенді жол картасы қабылданатын болады. Бұл «Еңбекті қорғау жылы» аясында қолға алынып отырған шара», - делінген дүйсенбідегі ЕХӘҚМ хабарында.
Министрлікте мәлімдегендей, еңбек жанжалдарын болдырмау үшін ҚР Үкіметімен бекітілген әлеуметтік-еңбек жанжалдары бойынша ескерту және рұқсат беру Кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында қосымша құралдары әзірленетін болады.
«ҚР Президентінің тапсырмасын орындауда ең төменгі жалақы алатын жұмысшылардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүргізіледі», - деді ведомстводан.
Министрлікте атап өткендей, ҚР заңдарының сақталуы бойынша еліміздегі барлық кәсіпорындарда профилактикалық бақылау жүргізу енгізілді. Еңбек қатынастарын реттеу саласында, электронды еңбек келісім-шарттарын қоса алғанда цифрландыру бойынша Жол картасы жүзеге асырылды.
«2018 жылы заңсыз еңбек қатынастары орын алып отырған экономика салалары бойынша (ауыл шаруашылық, сауда, қоғамдық тамақтану және тағы басқа) «Еңбек келісім-шартын жасаңыз» акциясы өтті. Республика бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 10 мыңға жуық жұмыс беруші жұмысшылармен еңбек қатынасын заңдастырды. Бұл орайда 37,9 мың еңбек келісім-шарты жасалды. Қолға алынған шаралар республика кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты қамтуға мүмкіндік берді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: