2019 жылы Қазақстанда шамамен 30 студенттік жатақхана салу жоспарлануда

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. 2019 жылы Қазақстанда шамамен 30 студенттік жатақхана салу жоспарлануда, деп хабарлады білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.
«Ағымдағы жылы 29 нысан пайдалануға беріледі, жалпы бұл барлық өңір бойынша 9196 орын» - деді Асылова дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол типтік жатақханалардың салынып жатқанын да айтты.
«Үш типтік жоба бар, оларды құрылыс істері комитеті бекітті, - 120, 240 және 180 орындық, олардың барлығы «Қаржы орталығы» АҚ сайтында орналастырылған. Құнына келер болсақ, орта есеппен 500 орындық жатақханалар бүгінгі таңда жасалған шарт бойынша шамамен Т800-900 млн, яғни шамамен Т1 млрд», - деді вице-министр.
2022 жылға дейін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобаның жалпы құны БҒМ ақпарынша, Т152 млрд құрайды.
«Нысанды салу барысында бір кереуеттік орынға мемтапсырыс – 122 АЕК, бұл шамамен Т300 мың, қайта салынған жағдайда – 47 АЕК, бұл шамамен Т120 мың», - деді Асылова.
1 АЕК = Т2525.

adimage