2019 жылы Қазақстанда цифрлық және көші-қон ХҚКО ашылады

Күні: 13:28, 19-02-2019.

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. 2019 жылы Қазақстанда цифрлық және көші-қон ХҚКО ашылады, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
«2018 жылы халыққа электронды форматта 30 млн жуық мемқызмет көрсетілді. 3 көші-қон, 8 мамандандырылған, 16 цифрлық ХҚКО ашылды, Алматы және Астана қалаларында биометрикалық мәліметтер жинағы іске қосылды. 2019 жылға мемқызметтің 80%-ын электронды форматқа көшіру, сондай-ақ, қосымша 1 цифрлық және 5 көші-қон ХҚКО ашу жоспарлануда», - деді Д.Абаев сейсенбідегі үкімет отырысында.
Оның ақпарынша, қазіргі таңда 752 мемқызметтің 506 (67,3%) мемқызмет автоматтандырылған, мемқызмет көрсету мерзімі 40%, яғни орта есеппен 12 күннен 7 күнге дейін қысқарған.
«Бұл ретте анықтамалық құжаттаманың қағаз айналымы 60 млн бірлікке қысқарды», - деді министр.


Жаңалықтармен бөлісу: