2019 жылы Қазақстанда қылмыс 17%-ға төмендеді

Астана. 30 желтоқсан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. 2019 жылы Қазақстанда қылмыс 17%-ға төмендеді, деп хабарлады бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.
«Жүйелі және ойластырылған әрекет елдегі құқық тәртібінің ары қарай нығаюына ықпал етті. Ағымдағы жылы қылмыс 17% (2018 жылғы 289 096-дан 241 479 дейін), соның ішінде адам өлімі – 11% (797-ден 695 дейін) төмендеді, ұрлық – 22% (175 636-дан 136 316 дейін), тонау – 22% (7956-дан 6237 дейін), қарақшылық – 19% (560-тан 453 дейін), бұзақылық – 28% (8118-ден 5821 дейін), есірткімен байланысты – 12% (7646-дан 6700 дейін) төмендеген», - деп хабарлады Ахметжанов дүйсенбіде орталық коммуникация қызметінен.
Ол атап өткендей, қылмыстық құқықбұзушылық санының азаюына қарамастан, құқыққорғау органдары ауыр және аса ауыр қылмыстармен күресті жалғастырады.
«Адам өлтіргендерге, педофильдерге, экстремистерге, тұрмыстық қанышерлерге, есірткі саудагерлеріне, ұйымдасқан қылмыскерлерге қатысты ешқандай жұмсақтық болмау керек», - деп атап өтті бас прокурордың орынбасары.

adimage