2019 жылы қазақстандықтар Жеңіс күнінде төрт күн демалуы мүмкін

Күні: 18:39, 13-11-2018.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – 2019 жылы қазақстандықтар Жеңіс күнін тойлау кезінде төрт күн демалуы мүмкін, делінген Қазақстан үкіметі қаулысының жобасында
«Демалыс күндері ауыстырылсын: 2019 жылдың сенбі і4 мамыр 2019 жылдың жұмасы 10 мамырға», - делінген сейсенбіде ұсынылған құжатта.  
Осылайша, мамырда, жоба қабылданған жағдайда, қазақстандықтарды 9-12 мамыр аралығында төрт күндік демалыс күтіп тұр.  
«Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға ұрындырмайды. Демалыс күндерін алдын-ала ауыстыру отбасылық демалысты, мәдени-бұқаралық және ұжымдық шараларды, оларға қатысты шығындарды алдын-ала  жоспарлауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.
Қаулы жобасы 27 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.  


Жаңалықтармен бөлісу: