2019 жылы қазақстандықтарды Наурыз мейрамына ең ұзақ демалыстар күтіп тұр

Алматы. 19 наурыз. ҚазТАГ – 2019 жылы қазақстандықтарды Наурыз мейрамына ең ұзақ демалыстар күтіп тұр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Наурыз мейрамы Қазақстанда ресми түрде 21-23 наурыз аралығында тойланады. 2019 жылы 23 наурыз - сенбі, сондықтан сенбі күнгі демалыс алдағы дүйсенбі 25 наурызға ауыстырылады.
Осылайша, алдағы демалыс күндері елімізде 21-нен бастап 25 наурызды қоса алғанда бес күнге созылады.
Хабарда атап өтілгендей, көктем мерекесіне орай биылғы халықтық серуен ерекше өтеді деп күтілуде. Тиісті жоспарларын Астана, Алматы, Шымкент және басқа да еліміздің ірі қалалары ұсынып жатыр.

adimage