Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – 2019 жылы импорттық ІҚМ басын сатып алуға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Т40 млрд. астам қаржы бөлді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметінен.
«Етті мал басының санын арттыру және сапасын жақсарту үшін Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды дамыту және қаржылық қолдау жүзеге асырылып жатыр. (…)2019 жылы «ҚазАгро» Холдингі импорттық ІҚМ басын сатып алуды қаржыландыру бойынша 100 мың бас индикативін белгіледі, солардың ішінде Корпорацияның үлесі 65 мың басты құрайды, бұл мақсаттарға 40,6 млрд. теңге бөлінді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, отбасы фермалары түрінде шағын шаруашылықтарды құру салалық бағдарламаның негізіне жатты, олар 100 басқа дейін ІҚМ өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтардан, өнеркәсіптік мал жемдейтін орындардан және заманауи ет өндіретін кешендерден тұратын зәкірлі кооперация нысанында құрылатын болады.
«АШТӨ-ін импорттық ІҚМ басын сатып алу үшін несиелендіруге бағытталған «Сыбаға» бағдарламасына қатысатын фермердің Аграрлық несие корпорациясы несие қаражаты есебінен өзінің жеке төлдейтін мал басын қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары өнімді асыл тұқымды бұқаларды пайдаланып, төлдің өнімді көрсеткіштерін жақсартуға, жем-шөп, техника және құрал-жабдықтар сатып алуға, жайылымды қоршауға мүмкіндігі бар», - делінген хабарда.
Хабарда еске салғандай, 2018 жылы Аграрлық несие корпорациясы осы бағдарлама шеңберінде 19,1 млрд. теңге сомасына импорттық ІҚМ 30,1 мың басын сатып алу үшін 201 АШТӨ-ді несиелендірді, солардың ішінде елімізге ІҚМ 15,2 мың басы әкелінді және 2,3 мың басы жолда келе жатыр.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51