2019 жылы Қостанай облысында орман өртінің саны жартыдан астамға өсті

Күні: 12:09, 26-07-2019.

Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – 2019 жылы Қостанай облысында орман өртінің саны жартыдан астамға өсті, деп хабарлады өңірдегі ТЖД баспасөз қызметінен.
«Өрт қауіпті кезең басталғалы бері Қостанай облысының аумағында 60 орман өрті тіркелді. 2018 жылмен салыстырғанда 62% ( 2018 жылы – 37) өскен», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, тілсіз жау шарпыған алаң 32% қысқарып, 6282,69 га (2018 жылы – Т9226,51 га) құраған.
«Өрттен келген зардап 3,3 есе артып, Т50 млн астам құраған (2018 жылы – Т15 млн астам)», - деді ТЖД-де.
Далалық алқап аумағында 2019 жылдың есепті кезеңінде дала өрті тіркелмеген, ал 2018 жылы 4 324 га алқап төрт рет өртенген, 40516 га алқапта 613 дала өрті тіркелген. ТЖД атап өткендей, 2018 жылмен салыстырғанда олардың саны 2,4 есе қысқарған ( 2018 жылы – 247, 1772,1 га алқапта).
«Бұрынғыша табиғи өрттің негізгі себебі адами фактор болып отыр: құрғақ шөпті өртеу, темекі тұқылын тастау, қоқыс өртеу, сондай-ақ найзағай секілді табиғи құбылыс және т.б.», - делінген хабарда.
Азаматтық қорғаныс мамандары өңірдегі құрғақ және ыстық ауа райыға алаңдаушылық білдіріп отыр, себебі дәл осы кезеңде олардың айтуынша табиғат аясында демалушылар көп болады, оның үстіне алқаптарда шөп шабу жұмысы да қарқынды жүріп жатыр.
«Отқа қатысты кез келген дұрыс емес әрекет орман және дала өртіне алып келуі мүмкін. Даладағы өрттің тұтануына алқаптардағы техниканың бұзылуы да себеп болады. Өткен тулікте ғана облыста Әулиекөл, Қарабалық, Ұзынкөл аудандарының шабындық жерлері мен орман аумақтарында жеті учаскенің өртенуі тіркелген. Өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелері, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі мен ЕӨҚ күші мен құралдары жұмылдырылды», - деді ТЖД-ден.


Жаңалықтармен бөлісу: