2019 жылы Қостанайда электромобильдер топтамасын шығару жоспарлануда (түз)

Күні: 12:40, 17-01-2019.

Алматы. 17 қаңтар. ҚазТАГ – 2019 жылы Қостанайда электромобильдер топтамасын шығару жоспарлануда, деп хабарлады «Алау».
«2019 жылдың аяғында қытайлық компаниямен ынтымақтастықтың арқасында жергілікті өндіруші (СарыарқаАвтоПром» ЖШС – ҚазТАГ) электромобильдер топтамасын шығаруға көшеді. Жалпы кәсіпорын әр түрлі 20 000 көлік шығаруды жоспарлап отыр, оның ішінде жеңіл көлік те, жүк көліктері де бар», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қытайлық инвестордың келуімен, ол қазір кәсіпорын акциясының 51%-на иелік етеді, өндірістегі шетелдік технологиялар артады.
«Компанияның келуімен жаңа зауыттар салу, жаңа өндірістік көлік құрамдастарының базасын құру өте ауыр екенін түсінеміз, ол үшін жақсы инвестиция керек, сондықтан біз осындай серіктеспен осынау өр мақсатты жүзеге асыра аламыз деп ойлаймыз», - деді «СарыаркаАвтоПром» ЖШС техникалық даму жөніндегі директордың орынбасары Сергей Могилатов.
2017 жылы зауыт конвейірінен 5912 көлік шығарылды, ал 2018 жылы оның саны 12 мыңға өсті. Атап өтілгендей, егер 2018 жылы автобустарға басымдық берілген болса, онда енді әр түрлі өңірлерді ескере отырып, автокөлік опцияларын жетілдіру қарастырылуда. Мәселен оңтүстік үшін желдеткішімен керек болса, солтүстік үшін екі қабат шыныпакетімен болғаны дұрыс.
«Былтыр біз автобус өндірісі саласында жақсы жұмыс жасадық. Бұл ең алдымен республикалық «Республиканың автобус паркін жаңарту» бағдарламасымен байланысты. Сондықтан біз Қостанай алаңында шығарылған автобустарды бес қалаға жөнелттік. Бұл ең алдымен Астана, Ақтау және Ақтөбе. Қазір – Шымкент пен Атырау», - деді кәсіпорын топ-менеджері.
Былтырғы жетістіктің бірі – экспортты дамыту. Төрт елмен байланыс жолға қойылды: Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан мен Белоруссия, 2019 жылдан бастап Әзірбайжанға экспорт жоспарлануда. Сонымен қатар автокөліктерді қымбат және эконом-класс деп бөлу жоспарда бар.


Жаңалықтармен бөлісу: