2019 жылы ҚР электронды үкімет порталы жұмысының 130 рет бұзылғаны тіркелді

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. 2019 жылы ҚР электронды үкімет порталы (eGov) жұмысының 130 рет бұзылғаны тіркелді, деп хабарлады ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.
«Ағымдағы жылы меморгандар тарапынан 130 жүйелі бұзылу (электронды үкімет порталында – ҚазТАГ) тіркелген, негізінен ішкі істер министрлігінде, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, құқықтық статистика комитетінде»,- деді Мамин сейсенбідегі үкімет отырысында.
Соған байланысты ол әр өкілетті орган деңгейінде бірінші басшының жетекшілік ететін орынбасарына электронды үкімет жұмысы бойынша жеке жауапкершілік бекітуді тапсырды.
Сонымен қатар, үкімет басшысы келесі жылы Қазақстан әлемде электронды үкіметті дамыту индексі бойынша БҰҰ рейтингінде 28-ші орынға көтерілетіндей етіп, электронды үкімет мүмкіндіктерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.
«2018 жылы Қазақстан әлемде электронды үкіметті дамыту индексі бойынша БҰҰ рейтингінде 39 орынды иеленді, соның ішінде Азияда сегізінші орында, «онлайн-қызмет көрсету» индикаторы бойынша - 26», - деп мәлімдеді ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

adimage