2019 жылы республикалық бюджет тапшылығы Т1,3 трлн астам құрады

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. 2019 жылы республикалық бюджет тапшылығы Т1,3 трлн астам құрады, деп мәлімдеді ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.
«2019 жылға арналған республикалқы бюджеттің негізгі параметрлері келесідей болып қалыптасты: кіріс – Т10 663,5 млрд, шығыс – Т12 028,1 млрд, тапшылық – Т1364,6 млрд, немесе ІЖӨ-нің 2,1%», - деп мәлімдеді Шолпанқұлов жұма күні "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымында.
Ол айта кеткендей, ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша бюджет кірісі Т94,9 млрд артады, бюджеттің шығыс бөлігі де осыған ұқсас сомаға артады деп түзетілген.
«Аталмыш шығындар әлеуметтік саланы тығыз түрде қаржыландыру мәселелерін шешу және нақты сектор шығындарының артуымен байланысты болып отыр», - деп түсіндірді Шолпанқұлов.

adimage