Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – «Щучинск-Зеренді» автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы аяқталады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгінде жер төсемдерін кептіру, жол жиектерін айналма жолға сәйкес келтіріп және айналма жолды салу үшін тасқын суларды бұру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жобаны 2019 жылы толық аяқтау жоспарланған», - делінген сенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қайта жаңарту жұмыстары аясында «Щучинск-Зеренді» бағытындағы жол II-ші және III-ші техникалық санаттағы асфальт-бетонды екі жолақты автожол болады.
«2019 жылы жолшылар көлік жолының 16 шақырымына төменгі қабатына асфальт-бетон, 32,4 шақырымына жоғарғы қабатына ұсақ түйіршікті асфальт-бетон төсеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда жол-құрылыс материалдары толық көлемде дайын. Сонымен қатар, Зеренді кентіндегі бағдаршам қиылыстарын және М.Ғабдуллин, Серафимовка ауылдарының жанынан өтетін автожолдың бойын жарықтандыруы керек. Осы жоба аясында Зеренді кентіндегі ДЭУ-73 (жолға қызмет көрсету кешені) және Щучинск қаласындағы ДЭУ-5 қайта құру қарастырылған», - деді ИИДМ.
2019 жылы Щучинск–Зеренді автожолын қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда
